14 наурыз 2014 19:54

Астанада кафеде төбелескен прокурорлар жұмыстан қуылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тengrinews.kz мұрағаты Тengrinews.kz мұрағаты

1 наурыз күні Астанадағы "Шанхай" кафесінде болған төбелес үшін прокуратура қызметкерлері жұмыстан шығарылды деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Прокуратураның хабарламасына қарағанда, сол күні "Шанхай" кафесінің қызметшілері мен прокуратура қызметкерлері арасында кикілжің болған. "Қызметтік тексерістің қорытындысына сәйкес, прокуратура қызметкерлерінің Ар-ождан кодексінің нормаларын өрескел бұзғандығы және прокуратура органдарының беделіне нұқсан келтіретін теріс қылық жасағаны үшін Абзал Заңқоев Астана қаласы прокурорының 2014 жылғы 4 наурыздағы бұйрығымен Астана қаласының Есіл ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан босатылды және прокуратура органдарынан қызметтен шығарылды", - делінген баспасөз парағында. Ілияс Әбдуәлиев Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Аймақтық көлік басқармасы бастығының 3 наурыздағы бұйрығымен аталмыш басқарманың аға прокуроры лауазымынан босатылып, прокуратура органдарынан қызметтен шығарылды. Сондай-ақ, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет төрағасының бұйрығымен ҚСАЕК Аймақтық басқармасының бастығы Маралбек Ешімов қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту алды. Қол астындағы қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі талаптарын сақтауын қамтамасыз етпегені үшін Астана қаласы Есіл ауданының прокуроры Біржан Мәжреновке де сөгіс жарияланды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети