19 наурыз 2014 21:11

Астанада "КамАЗ"-ға соғылған Toyota Corolla жүргізушісі қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Астанада Toyota Corolla көлігі "КамАЗ"-бен соқтығысып, оқиға салдарынан жеңіл автокөлік жүргізушісі қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Әуежай айналымынан "Рубеж" айналымына қарай бір бағытта кетіп бара жатқан Toyota Corolla және "КамАЗ" автокөліктері соғылды. Toyota Corolla жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды", - деп хабарлады Астана қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Алдын ала мәлімет бойынша оқиғаға көліктердің арақашықтықты сақтамауы себеп болған. Еске сала кетейік, екі күн бұрын осы маңда кран мен жолаушылар автобусы соқтығысып қалған еді. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 15 адам зардап шекті, олардың арасында жеті жастағы бала бар. Зардап шеккендердің көбі аурухананың травматология бөліміне жатқызылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети