1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Астанада қоғамдық көлікке арналған жолда байкер Air Astana көлігіне соғысты

видеодан үзінді видеодан үзінді

Астанада қоғамдық көлікке арналған жолда мотоциклші жол-көлік оқиғасына тап болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жол апаты кезінде түсірілген видеоны куәгер редакцияға жіберді. 

Видеода Air Astana логотипі бар минивэн Абай даңғылының бойымен келе жатып, солға бұрылмақшы болады. Осы кезде автобусқа арналған жолмен келе жатқан мотоциклші автомобильге соғысқан. 


Куәгер видеосы

"Полицейлер 23 шілдеде Абай даңғылының бойында шамамен сағат кешкі 19:00-де болған жол апаты дерегіне қатысты тексеру жүргізіп жатыр. 1987 жылғы мотоциклші қоғамдық көлікке арналған қарсы бағыттағы жолмен келе жатып, Toyota минивэніне соғысқан", - деді ІІД өкілдері.

Мотоциклші әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға түскен. 

Куәгердің айтуынша, соғысу кезінде мотоцикл ағашқа ұрылған. Мотоциклдің кейбір бөлшектері шашылып кеткен.