ПОДЕЛИТЬСЯ
27 қараша 2017 | 09:27
Астанада көлік жеке үйге кіріп кетті
Астанада автомобиль жеке үйге қарай ұшып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Астанада автомобиль жеке үйге қарай ұшып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 26 қарашада шамамен сағат 01.00-де Бабатай ұлы мен Жаңа қоңыс көшелерінің қиылысында болған.
Ведомстводағылардың редакция жолдаған сауалға берген жауабында "Лада" маркалы көлік жүргізушісінің көлік тізгінін басқарам алмай, үйдің қабырғасына барып соғысқаны айтылады. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 29 жастағы жүргізуші мен "Ладаның" 27 жастағы жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.
Ал 26 қарашада шамамен сағат 12.00-де жолаушының алған жарақаттардан ауруханада қайтыс болғаны хабарланды. Автокөлік коммуналдық тұраққа жеткізілді.
"Астана қалалық ІІД Тергеу басқармасындағылар ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр", - деп хабарлады ІІД өкілдері.
© Куәгерлер жолдаған суреттер
Показать комментарии
Читайте также