12 наурыз 2014 10:29

Астанада көпқабатты үй өртеніп, үш адам ауруханаға түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Астанада тоғыз қабатты тұрғын үйде екі пәтер өртеніп, үш адамға иіс тиіп қалды, бес адам құтқарылып, тағы 20-ға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мамандардың мәліметінше, 11 наурызда сағат 15.53-те Сарыарқа ауданындағы 188-көшеде көпқабатты үйдің үшінші қабатындағы бір пәтерде өрт шыққан. Жалын әп-сәтте үдеп, төртінші қабаттағы пәтердің балконына ауысады. "Өрттің ауданы 20 шаршы метрді құрады. Бес адам, оның ішінде, бір бала құтқарылды және 19 адам қауіпсіз жерге көшірілді, олардың арасында 10 бала бар", - делінген министрліктің хабарламасында. Оқиға орнынан ыстан уланған үш адам ауруханаға жеткізілді. Өрт сағат 16.30-да толық залалсыздандырылды. Бұл жұмыстарға Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 20 маман мен 8 техника тартылды. Оқиғадан зардап шеккендерге Апат медицинасы орталығының үш маманы алғашқы көмек көрсетті. Еске сала кетейік, 9 наурыз күні Астанада жатақханалардың бірінің бөлмесі өртеніп, 60 адам қауіпсіз жерге дереу көшірілген еді. Ал 7 наурыз күні бесқабатты көппәтерлі үйде өрт шығып, төрт адам иістен уланып қалды, оның екеуі қайтыс болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети