08 қараша 2018 16:01

Астанада күмәнді сөмке үшін ХҚКО ғимараты қоршауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана полицейлері Республика даңғылының бойында орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығын қоршауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астана полицейлері Республика даңғылының бойында орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығын қоршауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ғимаратқа кіре алмағандар сыртында жиналып қалды. 

"Қауіпсіздік қызметі иесіз сөмкені тапқан. Күзетші дереу (13:55-те) полицияға хабарласқан. Қауіпсіздік шаралары үшін ғимарат аумағы қоршауға алынып, ХҚКО қызметкерлері мен келушілері эвакуацияланды. Тексеру барысында қауіпті ештеңе табылмады", - деді Астана полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбекова. 

Оның айтуынша, полицейлер қоршауды алып тастаған. Әзірше сөмке иесі табылмаған. 

Нақтыланған мәлімет бойынша, ХҚКО штат тәртібінде жұмыс істеп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети