1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Астанада Lexus жүргізушісі жол реттеуші полицейді қағып кетті

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астана орталығында даңғыл бойында Lexus жүргізушісі жол қозғалысын реттеуші полицейді қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Бүгін таңғы 9 шамасында Мәңгілік ел даңғылы мен Бұхар жырау көшесінің қиылысқан жерінде жол-көлік оқиғасына байланысты анықтау шарасы жүріп жатыр. Lexus жүргізушісі жолдың мұзтайғақ болуына байланысты тізгінге ие бола алмай, қиылыста жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді қағып кетті", - деді полиция өкілдері. 

Полицей дене жарақатын алған, ол ауруханаға жеткізілді.