01 қыркүйек 2016 00:19

Астанада мотоциклші жантүршігерлік жол апатына ұшырады - видео

ПОДЕЛИТЬСЯ

кадрдан үзінді кадрдан үзінді

Астанада мотоциклші жол-көлік оқиғасына ұшырап, зардап шекті. Tengrinews.kz редакциясына жол апатының видеосын зардап шегушінің досы жіберген.


Астанада мотоциклші жол-көлік оқиғасына ұшырап, зардап шекті. Tengrinews.kz редакциясына жол апатының видеосын зардап шегушінің досы жіберген.

Жол апаты 30 тамызда кешкі уақытта Қабанбай батыр даңғылының бойында болған. Видеотіркегіш жазбасының кадрларында мотоциклшінің қиылыстан өтіп бара жатқаны көрінеді. Осы кезде автокөлік солға қарай бұрылмақ болған кезде мотоциклшіні соғып кеткен. Соққыдан мотоциклші автокөліктің үстінен ұшып түскен. 

Жол-көлік оқиғасынан байкер дене жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілген. Зардап шегушінің досының айтуынша, мотоциклші жансақтау бөлімінде жатыр. "Дәрігерлер оның аяқсы қалуы мүмкін екенін айтады. Оның жарақаты ауыр", - деді ол.

Жол-көлік оқиғасына кімнің кінәлі екенін құқық қорғау органдары анықтайтын болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети