13 наурыз 2018 14:51

Астанада өрт: Әйел адам мен баланың денесі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада болған өрттен әйел адам мен баланың денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада болған өрттен әйел адам мен баланың денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"13 наурызда сағат 11.30-да "101" пультіне Сырымбет көшесі, 30-үйде өрт шыққаны жайлы хабар келген. Оқиға орнына барған өрт сөндірушілер үш қабатты коттедждің өртеніп жатқанын анықтады. Екінші және үшінші қабат толықтай өртке оранғкан. Бірінші қабат техникалық қызмет көрсету орталығы ретінде жұмыс істеген. Кейінірек өрт ғимараттың шатырына дейін жетіп, өрт маңында тұрған ғимаратқа дейін жеткен", - деп хабарлады Астана қалалық ТЖД өкілдері.

Ведомство мәліметінше, екі ғимаратта шыққан өрттің аумағы - 300 шаршы метр.

"Өрт кезінде техникалық қызмет көрсету орталығында тұрған Nissan Patrol көлігі өртеніп кеткен. Өрт сағат 12.29-да ауыздықталып, 12.47-де сөндірілді. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 31 адам мен 16 дана техника жұмылдырылды", - деп хабарлады ведомстводағылар.

"Өрттен 1994 жылғы қыз зардап шекті. Ол № 1 қалалық ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ, әйел адам мен баланың денесі табылды. Өрттің себебі анықталып жатыр", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осыған дейін Астанада шыққан өртті 30 адамның сөндіріп жатқаны хабарланған болатын.


© Астана - Что? Где? Когда? / Facebook

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети