02 наурыз 2018 16:10

Астанада өрт: Құтқарушылар балаларды терезеден тосып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Желіде Астанадағы тұрғын үй кешенінде шыққан өрттің видеосы таралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде Астанадағы тұрғын үй кешенінде шыққан өрттің видеосы таралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы Nova city тұрғын үй кешенінің 7-қабатында орналасқан пәтерден өрт шыққан. Куәгерлер жолдаған видеоға қарағанда, құтқарушылар балаларды терезеден тосып тұрды.

Төтенше жағдайлар комитеті өкілдерінің мәліметінше, барлығы 5 адам құтқарылды.

Сондай-ақ, комитет өкілдерінің мәліметінше, өрт жайлы хабар бүгін, 2 наурызда сағат 14.19-да түскен.

"Осы хабарлама бойынша сағат 14.20-да оқиға орнынан 4 негізгі өрт көлігі, 3 арнайы өрт көлігі мен жеке құрамнан 26 дана көлік жұмылдырылды. Сағат 14.27-де кезекші бөлімнің қызметкерлері тоғыз қабаттты Nova City тұрғын үй кешенінің 7-қабатында орналасқан пәтерде шыққан өртті сөндіре бастады. Өртті сөндіру барысында 5 адам құтқарылды. Өрттің аумағы - 15 шаршы метр", - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК өкілдері.

Өрт сағат 14.52-де ауыздықталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети