08 мамыр 2015 16:37

Астанада отбасымен жанжалдасып қалған ер адам көпірден секірмек болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Stripnews.org сайтынан Stripnews.org сайтынан

Астанада отбасымен жанжалдасып қалған ер адам көпірден секірмек болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада отбасымен жанжалдасып қалған ер адам көпірден секірмек болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

7 мамырда 20.55-те елордадағы Ішкі істер департаментіне автомобильге арналған көпірде белгісіз ер адамның секіргелі тұрғаны туралы хабар түседі.

Оқиға орнына дереу жеткен поиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзған 26 жастағы ер адамды көпірден түсіріп, "Сарыарқа" аудандық Ішкі істер басқармасына жеткізді.

Оқиға бойынша "ұсақ бұзақылық" бабымен әкімшілік іс қозғалып, Астана мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді. Соттың шешімімен оған 10 АЕК көлемінде айыппұл салынып, ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ер адамның айтуынша, оның осындай іс-әрекетке баруына отбасындағы жанжал себеп болған.

Медициналық сараптама нәтижесінде ер адамның орташа деңгейде мас болғаны анықталды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети