05 қыркүйек 2014 13:55

Астанада өзге аймақтың тіркелмеген көліктеріне айыппұл салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Астана полицейлері белгіленген тәртіп бойынша тіркеуге тұрмаған өзге қаланың көліктеріне айыппұл салады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық ІІД әкімшілік полиция басқармасына сілтеме жасап.


Астана полицейлері белгіленген тәртіп бойынша тіркеуге тұрмаған өзге қаланың көліктеріне айыппұл салады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық ІІД әкімшілік полиция басқармасына сілтеме жасап.

Астананың жол-патруль полицейлері өзге аймақтардан келіп, автокөліктерін дер кезінде әкімшілік полиция басқармасының тіркеу бөлімшелеріне уақытша тіркеуге қоймаған көлік иелерін анықтау үшін рейд жүргізіп жатыр. Бүгінде мұндай заңбұзушылық бойынша 60-қа жуық жүргізушіге барлығы 1,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Жол қозғалысы ережелерінің қосымшасына сәйкес, "тұрақты тіркеу орнынан екі айдан артық мерзімге шыққан механикалық көлік құралдары жаңа мекенжай бойынша уақытша есепке алынуы тиіс".

Полицияның баспасөз қызметінің мәліметінше, қалаға кіреберістегі "Шеп" тұрақтарында бейнебақылау камералары барлық машинаны түсіріп алып, мәліметтер базасына қосып отырады. Бір машинаның әрбір кіріп-шыққаны есепке алынады. Өзге қаладан келген көліктерді тексеру кезінде автокөлік иесінің шынайы мекенжайын анықтау үшін зейнетақы қорларының мәліметтері қолданылады. 

Әкімшілік полиция басқармасының мәліметінше, бұл талаптар Қазақстан мен шетелдердің барлық жеке және заңды тұлғасы үшін және азаматтығы жоқ тұлғалар үшін де міндетті. Полицейлердің айтуынша, Астанаға аймақтардан келетін жүргізушілер көбіне бұл талапқа құлақ аса бермейді.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске сай, автокөлігін уақытында тіркетпеген жүргізушілерге 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Жол полицейлері ондай көліктерді ұстауға, айып тұрағына жеткізуге, пайдалануға тыйым салуға құқылы.

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети