Астанада полицейлер автомобилі көпір үстінде жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда ІІД Әкімшілік полиция басқармасына сілтеме жасап.
Астанада полицейлер автомобилі көпір үстінде жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда ІІД Әкімшілік полиция басқармасына сілтеме жасап.
Бүгін таңертең Сарайшық көшесіндегі М1 көпірінде үш автомобиль соқтығысып қалды. Бауыржан Момышұлы даңғылынан Түркістан көшесіне қарай М1 көпірімен кетіп бара жатқан Audi жүргізушісі көлікті басқара алмай қалған.
"Қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен жүргізуші Ақмола облысы ІІД аудандық басқармаларының біріне тиесілі "Лада" автомобилімен және BMW маркалы көлігімен соқтығысты", - деді Әкімшілік полиция басқармасы өкілдері.
Куәгер жолдаған сурет.
Жол-көлік оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ. Жол-көлік оқиғасының себептері анықталып жатыр.