26 шілде 2015 12:02

Астанада полиция қыздардың күзетшілермен болған қақтығысын тергеп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© YouTubе © YouTubе

Полиция Астанадағы қыздардың күзетшілермен болған төбелесінің мән-жайын анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорданың ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Полиция Астанадағы қыздардың күзетшілермен болған төбелесінің мән-жайын анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорданың ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"15 шілдеде "Шарын" базарында болған жанжалға байланысты ұсталғандар Сарыарқа аудандық Ішкі істер басқармасына жеткізілді. 29 жастағы қызға қатысты былапыт сөздер айтып, балағаттағаны үшін әкімшілік өндіріс, сонымен қатар оған және 25 жастағы қызға қатысты "Өршуге әкелген денсаулыққа зиян келтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді", - деді ІІД өкілдері.

Айта кетейік, медициналық сараптама нәтижесінде қыздардың мас болғаны анықталды. Осы дерек бойынша материал сотқа жіберілді.

Бұған дейін Астанада куәгер ұялы телефон камерасына қыздардың күзетшілермен болған қақтығысын түсіріп, "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі өз парақшасына жариялағаны хабарланған болатын. Ролик авторының айтуынша, оқиға Астанадағы "Шарын" базарында болыпты. Бірінші видеода нәзік жандылар күзетшіге зат лақтырып жатады. Ал екінші роликте төбелеске бір жігіттің араласып жатқанын көруге болады.

Ескерту! Былапыт сөз айтылады!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети