10 сәуір 2015 11:34

Астанада сальто жасаған Lexus жүргізушісі жауапқа тартылатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгерлер жіберген сурет Куәгерлер жіберген сурет

Астанада сальто жасаған Lexus автокөлігінің жүргізушісі жауапқа тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада сальто жасаған Lexus автокөлігінің жүргізушісі жауапқа тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тергеу қорытындысына сәйкес, Lexus автокөлігінің жүргізушісі жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен Chevrolet Aveo автокөлігінің жүргізушісіне жасалған медициналық сараптама нәтижесінің негізінде жауапқа тартылатын болады", - деп хабарлады әкімшілік полиция басқармасындағылар.

Полицияның мәліметінше, 8 сәуір күні сағат 18.00 шамасында жүргізуші куәлігі жоқ азамат Lexus автокөлігімен Республика даңғылы бойымен сол жақ қатарда келе жатып Сейфуллин көшесіне таяп қалғанда тежегішті күрт басқан, соның салдарынан рульге ие бола алмай, көлік аударылып, жолдың қарсы бағытында тұрған Chevrolet Aveo, Газель мен Hyundai Elantra автокөліктеріне соғылды.

"Көлік соқтығысынан кейін Сhevrolet жүргізушісі ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне босатылды. Медициналық куәландыру мәліметінше, Lexus автокөлігінің жүргізушісі мас болмаған. Көлік айып тұрағына қойылды. Қазіргі таңда осы дерекке қатысты тергеу жүріп жатыр", - деп түсіндірді әкімшілік полиция басқармасындағылар.

Айта кетейік, оқиға куәгерлері Lexus автокөлігінің Chevrolet-ке құлап барып сальто жасағынан айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети