15 қараша 2016 15:07

Астанада сатылымға қойылған зәулім үйде Қызыл кітапқа енген барыстың терісі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Барыс пен қасқыр терісі Барыс пен қасқыр терісі

Желі пайдаланушылары Krisha.kz сайтына сатылымға қойлыған қымбат үй еденінде Қызыл кітапқа енген барыстың терісі жатқанын байқаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, жеті бөлмелі үйдің құны - 360 мың доллар.


Желі пайдаланушылары Krisha.kz сайтына сатылымға қойлыған қымбат үй еденінде Қызыл кітапқа енген барыстың терісі жатқанын байқаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, жеті бөлмелі үйдің құны - 360 мың доллар.

 "Үйдің аумағы 500 шаршы метр. Ауласы көгалдандырылған, екі көлікке арналған гараж, монша, тапша мен терраса бар. Астананың орталығында орналасқан тамаша ауданда, сол және оң жақ жағалау ортасында орналасқан таңдаулы қалашықта. Барлық коммуникация желілері орталықтанған", - делінген үйдің сипаттамасында. 

Хабарламамен бірге үйдің он шақты суреті бірге берілген. Суреттердің бірінен Tengrinews.kz оқырманы барыстың терісін байқап қалған. 

Үйді жылжымайтын мүлік агенттігі саудаға шығарған. Үй иелерімен байланысқа шығуға мүмкін болмағанын айта кетейік. Компания өкілдері мұның құпия ақпарат екенін айтты. 

Сонымен бірге, агент терінің шынайы емес, макет екенін қоса айтты. Ал таксидермистің, яғни, аң тұлыптарын жасаушы маманның сөзінше, бұл барыстың шынайы терісі. Мұндайды қолдан жасау өте қиын екенін айтады ол.

Tengrinews.kz Астана прокуратурасына үй иесі мен терінің қайдан шыққанын анықтап беру өтініші айтылған ресми сауал жолдады. Барыстың Қызыл кітапқа енгізілгені белгілі. Қазақстанда 130 барыс қана қалған. Оларды браконьерлер атып алып, терісін үй сәндеуге қолданып жүр.

Мұның алдында барыс терісі Алматының мейрамханаларының бірінде табылғаны хабарланған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети