Астанада сауда орталығында өрт шықты

12 Қараша 2018, 15:43
0
Астанада сауда орталығында өрт шықты - видеодан үзінді
видеодан үзінді

Астанада "Сабындыкөл" сауда орталығында өрт шығып, сауда бутиктері өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қарасай батыр көшесінің бойында орналасқан "Сабындыкөл" сауда орталығында өрт шыққаны туралы хабар сағат 13:02-де түсті. Бірінші қабатта орналасқан бутиктер өртенген. Өрт аумағы - 100 шаршы метр. Өрт сөндірушілер түтіннің ішінен әйел адамды алып шықты. 


Куәгерлер жолдаған сурет. 

Өрт сағат 13:34-те ауыздықталып, 13:41-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрт сөндіруге 26 маман және 6 арнайы техника жұмылдырылды. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай