Астанада сауда орталықтарының бірінің маңында автокөлік өртеніп кетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Астанада сауда орталықтарының бірінің маңында автокөлік өртеніп кетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Куәгердің айтуынша, өрт 4 қаңтарда түнгі сағат шамамен 23.30-да болған.
"Сауда орталығының тұрағынан бір дауыс естідім. Бірде сол жақта тұрған көліктердің бірі өртене бастады. Бірнеше минуттан соң 101-ге хабарластым. Өрт сөндіру қызметіндегілер оқиға орнына 1,5 минуттан соң келді. Маған дейін де біреу хабарлаған болуы керек. Қуанышқа орай, олай тез арада келіп, өрті 5-6 минутта сөндірді", - дейді ер адам.
Оның айтуынша, өрттен ешкім зардап шеккен жоқ, себебі онда жедел жәрдем көлігі келмеген.
Кейінірек ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов осы жағдайға қатысты пікір білдірді. Оның мәліметінше, сағат 23.22-де ТЖК-ның кезекші пультіне Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылында орналасқан сауда орталығының маңында Mercedes-Benz E 320 көлігінің өртеніп жатқаны жайлы хабарлама келген.
"Мемлекеттік өрт сөндіру қызметіндегілер қабылдаған шаралардың нәтижесінде өрт сағат 23.31-де сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 9 адам мен қалалық өрт сөндіру қызметінің 2 дана техникасы жұмылды", - деді Руслан Иманқұлов.