05 қазан 2018 14:44

Астанада туберкулезге қарсы диспансерде қыздың үстіне плита құлап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astana.gov.kz © astana.gov.kz

Астанада туберкулезге қарсы диспансерде 14 жастағы қыздың үстіне плита құлап кетті, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі осы оқиғаға қатысты пікір білдірді.  


Астанада туберкулезге қарсы диспансерде 14 жастағы қыздың үстіне плита құлап кетті, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі осы оқиғаға қатысты пікір білдірді.  

Instagram желісіндегі vastane.kz парақшасында туберкулезге қарсы диспансерде қыздың үстіне плита құлап кетіп, оның бетін жаралағаны туралы видео пайда болды.

Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиғаның 4 қазанда Астана қаласының туберкулезге қарсы диспансерінің балалар мен жасөспірімдерді емдеу бөлімінде болғанын растады. Ведомстводағылар ойын бөлмесінде бес бала болғанын айтады. Басқа ешкім зардап шеккен жоқ. 

"Кезекші дәрігер алғашқы көмек көрсеткен, қанды тоқтатып, жарақаты таңылды. Бала Астана қалалық № 2 балалар ауруханасына жеткізілді", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Қыз балаға алғашқы хирургиялық таңу шаралары жасалып, кесілген жерлеріне тігіс салынды. Басқарма мәліметінше, қазіргі уақытта қыз балаға қажетті медициналық көмектің барлық түрі көрсетіліп жатыр екен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети