20 қаңтар 2015 14:05

Астанада ұшақ бортында жанжал шығарған Өзбекстан азаматы айыппұл төлейтін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Әуе кемесінің бортында жолаушылардың мазасын алып, бортсеріктер мен полиция қызметкерлеріне былапыт сөздер айтқан Өзбекстан азаматы 185 200 теңге айыппұл төлейтін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, қоғамдық тәртіпті бұзған азамат сол кезде мас болып, Астананың халықаралық әуежайында Астана - Ташкент әуе сапарын рәсімдеу барысында бұзақы жолаушы ретінде рейстен түсірілді.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл оқиғаға қатысты Есіл ауданының соты қылмыстық іс қарап, оны кінәлі деп таныды және оған 100 айлық есептік көрсеткіш түрінде айыппұл тағайындады.

Еске сала кетейік, 2014 жылы желтоқсан айының соңында Жезқазған - Қарағанды бағытындағы электр пойызда үш жолаушы, үш жолсерік және бір бригадирдің қатысуымен жаппай төбелес болғаны хабарланған еді. Оқиға салдарынан жолсеріктер мен бригадир дене жарақаттарын алды. Көлік полициясы пойызда жаппай төбелес шығарған Қарағанды облысының үш тұрғынын ұстады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети