Астанада Volkswagen Golf мінген қыз көпір қоршауына барып соғылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Астанада Volkswagen Golf мінген қыз көпір қоршауына барып соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Астанада Volkswagen Golf мінген қыз көпір қоршауына барып соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жол-көлік оқиғасы Астананың солтүстік жағалауындағы Министрліктер үйіне қарай жалғайтын көпірде болды. Куәгерлердің айтуынша, көлік тізгінінде қыз болған, ол ауруханаға жеткізілді. Талқаны шыққан автомобиль эвакуатормен әкетілді.

 ©Tengrinews.kz

Оқиғаның куәгері болған BMW жүргізушісі сол жақтағы жолақпен қозғалып келе жатып, оң жақтағы жолаққа шыға бастағанын, сол уақытта айнадан артта келе жатқан Golf автомобилін байқағанын айтып берді. BMW жүргізушісі райынан қайтып, өз жолағына қайта оралады. Оның айтуынша, Volkswagen сағатына 100 шақырым болатын жылдамдықпен және шайқалып келе жатқан. BMW автомобилінен 20-30 метрге озып кеткен көлік жол жиегіне шығып, кейін көпір қоршауына барып соғылыпты. BMW жүргізушісінің болжамы бойынша, Volkswagen автомобиліндегі қыз тізгінге ие бола алмай қалған және тоқтайтын жолды байқамаған.

 ©Tengrinews.kz

Айта кетейік, таяуда Toyota Land Cruiser Prado жол талғамайтын көлігі дәл осы көпірге соғысқан болатын. Сол уақытта автомобильдің төбесі жұлынып кеткен еді. Жүргізуші жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 498.57  course up  522.2  course up  5.46  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer