Астанада көлік таситын авто мен жеңіл көлік соғысты, соның салдарынан жүргізушілердің бірі оқиға орнында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 22 қарашада 13.30-да Астанада болған.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, 1973 жылғы жүргізуші Volvo маркалы автокөлігін басқарып, әуежай тас жолымен келе жатып айналма жолда солға бұрылмақшы болған уақытта BMW көлігіне соғысқан. Жеңіл көлікті 1988 жылғы жүргізуші басқарған", - деді Астана ІІД-нің баспасөз қызметінің басшысы Софья Қылышбекова.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан алған жарақтынан BMW маркалы көліктің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Осы іс сотқа дейінгі біріңғай реестерге тіркелген. Сотқа дейінгі тергеу шарасы ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзып, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет") бойынша жүргізіліп жатыр. Volvo жүргізушісі Астана қаласының ІІД-нің уақытша қамау изоляторына ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес жабылған.