Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Астанада заңсыз сауда павильондары орындарынан алынады

15 Мамыр 2014, 20:16
0
Фото ©Тұрар Қазанғапов
Фото ©Тұрар Қазанғапов

Астанада заңсыз орналасқан сауда павильондары орындарынан алынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Атап айтқанда, экономикалық соттың шешімімен Бейбітшілік және Дүкенұлы көшелерінің қиылысындағы павильондар тұрған орындарынан алына бастады.

Астана қаласындағы сот актілерін орындау департаменті бөлімінің басшысы Қайрат Әзіретқұловтың түсіндіргені бойынша, павильон орналасқан жер телімі заңсыз пайдаланылған. "Экономикалық соттың жер телімін босату жөніндегі шешімі бар. Сот орындушысы сот шешімін орындау туралы ескертуді бірнеше мәрте апарып берді. Бірақ оған мән берілмей, ескерусіз қала берді. Қазір біз әкімдікпен бірлесе отырып, 2011 жылдан бері осы жерде заңсыз тұрған сауда павильондарын мәжбүрлі түрде орындарынан алып жатырмыз... Олар да ешқандай рұқсат болмаған, заңсыз саудамен айналысқан", - деді Әзіретқұлов.

Алайда, павильондардың қосалқы жалгері, "Астана-Береке" компаниясының директоры Рүстем Қасымбеков павильондардың (олардың Астанадағы саны – 31) "Астана" ӘКК еншілес ұйымының, "Сарыарқа-Агро" ЖШС-ның балансында тұрғандығын көлденең тартып отыр. Олар әрі әлеуметтік-маңызды тауарлар бағасын өсірмей ұстап тұру үшін сатып алынған. "11 ақпанда, девальвация болғанда, біздің павильондарда, сауда орындарымызда бағаның өсуіне жол берген жоқпыз. Біз осы павильондарды басқаратын – бірегей компаниямыз. Мемлекетте осы 30 павильонды қаланың сыртына көшіруге қаражат жоқ. Біз өз қаражатымызға павильондарды қаланың сыртына көшіреміз деген шартпен келдік. Біз өз қаражатымызға тағы да 20 павильонды көшіруге дайынбыз. Бірақ жалға алушылар павильондар орнынан алынғанша жұмыс жасайтын болады ", - деп түсіндірді ол.

Оның сөзіне қарағанда, қазір қосалқы жалгер-компания мен павильондардың меншік иесі - "Сарыарқа-Агро" ЖШС арасында келіспеушілік туындаған. "Қазір "Астана" ӘКК өзара келісімшартты бұзуға әрекет етуде. Әкімдік өркениетті сауда жүргізілуін талап етеді. Алайда, біз павильондарды көшіреміз деп едік, ӘКК ойдан шығарылған наразылықтарын алға тартуда, біз павильондарды көшірмесін деп, бәрін жасауда. Мүмкін шенеуніктердің қайсыбіреуі бұларды өзіне қаратып алып, қала ортасында қалдырғысы келетін шығар", - деді Қасымбеков. Павильондар қайда көшірілмек деген сұраққа, ол Көктал, Орман зауыты ауданы, Промышленный ауылын тізіп шықты.

Өз кезегінде "Сарыарқа-Агроның" пікірі мүлде басқаша. "Сарыарқа-Агро" ЖШС басшысының міндетін атқарушы Әлқуат Әбділдәның сөзі бойынша, қосалқы жалгер талаптарды орындамаған. "Біз 2013 жылғы қазан айының аяғында "Астана-Берекемен" жалгерлік және басқару шартына отырғанбыз. Содан қараша айынан бастап оларға 24 павильонды жалға бердік. Шартта олар павильондардың сыртқы көрінісін бірегей үлгіге келтіріп, сатушыларды бірыңғай киіммен қамтамсыз етіп, павильондарда тұрақтындырмалық қор өнімдерін сатуға арналған сөрелер болуы керек деп жазылған болатын. Сондай-ақ олар жеңілдік жасалатын зейнеткерлердің, мүгедектердің тізімін алулары тиіс еді. Бірақ олар өз міндеттемелерін орындамады. Ақпан айынан бастап, біз оларға тұрғындардан бағаның көтерілгендігі, кассалық аппараттардың жоқ екендігі туралы шағымдардың түсіп жатқандығын ауызша айтып, ескерттік. Бірақ ешқандай шара қолданылмады. Осыған байланысты біз олармен арадағы шартты бұзуға шешім қабылдадық. Оның үстіне, қазір қала сыртындағы жер теліміне иелік ету құқығын беретін құжаттарды рәсімдеу басталды, біз павильондарды сонда көшіре бастаймыз", - деп түсіндірді Әбділдә.

Оның айтуынша, меншік иелері павильондарды орындарынан алу туралы ескертулер алмаған. "Жалпы, біз олардың заңсыз тұрғандарын білетінбіз. Сондықтан біз қала сыртынан жаңа орындар алу үшін рұқсат құжаттарын сұрап, алдын-ала қамданғанбыз. Бұл процесс басталды, қазір үш жер теліміне рұқсат берілді. Біз "Берекемен" өзара шартты ың-шыңсыз бұзғымыз келген. Оның үстіне олар төлемді уақытында жүргізген жоқ. Қазір олардың 5 наурыздан бергі "Сарыарқа-Агро" алдындағы жалгерлік және коммунальдық қызметтер үшін қарыздары 3 миллион 344 мың теңгені құрайды", - деді ол. Әрі енді олар қосалқы жалгер "Астана-Берекемен" соттасуға дейін баратындығын да тілге тиек етті.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай