03 қыркүйек 2015 13:55

Астанадағы "ЭКСПО" құрылыс алаңында бір жұмысшы қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астанадағы "ЭКСПО" орталық павильонының құрылыс алаңында бір жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне елорданың еңбек инспекциясы басшысының орынбасары Қайрат Ысқақов хабарлады.


Астанадағы "ЭКСПО" орталық павильонының құрылыс алаңында бір жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне елорданың еңбек инспекциясы басшысының орынбасары Қайрат Ысқақов хабарлады.

"Жұмысшы "ЭКСПО" павильонында монтаждау жұмыстарын жүргізіп жатып шамамен 20 метр биіктіктен құлап кетті, 1995 жылғы жұмысшы алған жарақаттарынан көз жұмды. Ол қосалқы мердігер "Альянс металл" ұйымының қызметкері, бұл ұйым "Қазақстан" орталық павильонының құрылыс саласында металл конструкциясын монтаждаумен айналысады", - деді Ысқақов. Оның айтуынша, қаза болған жігіт қазақстандық.

Айта кетейік, "Қазақстан" орталық павильонының құрылысымен Sembol түрік құрылыс компаниясы айналысады.

Ысқақовтың айтуынша, қазіргі таңда талап бұзушылық дерегіне байланысты нысандағы құрылыс жұмыстары тоқтап тұр. "Адам құлады, демек ол жерде талап бұзушылық бар. Сонымен қатар, ол жерде металл конструкциясын монтаждаудың белгілі бір қиындықтары бар, ол қарапайым ғимараттарға плита қою емес қой. Бұл жерде адам құлап кетпеу үшін қосымша шаралар қолданылуы тиіс еді, оның үстіне конструкциясы дөңгелек", - деп түсіндірді ол.

Оның айтуына қарағанда, қазір еңбек инспекциясы арнайы комиссия құрып, арнайы тергеу жүргізіп жатыр. Қаза болған жігіттің туыстарына оны жерлеуге және келтірілген зиянның орнын толтыруға көмек көрсетіледі.

Еске сала кетейік, шілденің ортасында "Көп атқарымдық мұз сарайының" құрылыс алаңында алты құрылысшы 20 метрлік биіктіктен құлап кеткен болатын. Салдарынан үш монтаждаушы жұмыс орнында қаза тауып, тағы екеуі ауруханада көз жұмды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети