16 маусым 2014 20:19

Астанадағы өртті сөндіруге ауладағы көліктер кедергі келтірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

fotokanal.com fotokanal.com

Астанадағы өртті өшіруге аулада қалай болса солай қойыла салған көліктер кедергі келтірген, - деп хабарлайды Астана ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz  тілшісі.


Астанадағы өртті өшіруге аулада қалай болса солай қойыла салған көліктер кедергі келтірген, - деп хабарлайды Астана ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz  тілшісі.

"Тұрғын үй ауласына қиқы-жиқы қойыла салған автокөліктер өрт сөндірушілердің өрт болған жерге жетуіне кедергі келтірген" - дейді баспасөз қызметіндегілер. Өрт Ш.Құдайбердіұлы көшесі бойындағы тоғыз қабатты тұрғын үйде кешкі беске қарай тұтанған. 

"Астана ТЖД-ға қарасты алғашқы өрт сөндіруші бөлім жеткенде тұрғын үйдің екінші және тоғызыншы қабатында кабельдік-коммуникациялық шахтасындағы электр кабельдері жанып жатқан. Өрт шарпыған алаң 15 шаршы метрді қамтыған. Өртті сөндіру барысында 50 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, 18 адам, оның ішінде бес бала қауіпті аймақтан аман-есен шығарылған. Апат орнында жеке құрамадан 45 адам, 7 басты және 4 арнайы техника жұмыс істеген. Өрт 17.38-де  толықтай ауыздықталған" - дейді баспасөз қызметіндегілер.

 

 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети