15 шілде 2014 11:55

Ат жарысындағы қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Қазақстанда 14 жастағы шабандоздың өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айта кетейік, ат жарысы Ақмола облысының Сандықтау ауданында болған.

Қылмыстық іс "Балалар өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерін дұрыс орындамау" бабы бойынша қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Бұған дейін 10 мың метрлік тоқ-бәйге жарысында шабандоз Дәурен Ахметовтің қайтыс болғаны хабарланған еді. Жарыста оның аты сүрініп кетіп, құлаған. Ат өзінің үстінен ұшып кеткен шабандозды тапап кетті. Стадионда кезекшілік атқарған дәрігерлер бригадасы жедел әрекет етті. Бірақ жасөспірімді құтқарып қалу мүмкін болмады.

Ат жарысын Ат спортының ұлттық түрлері жөніндегі республикалық федерация ұйымдастырған. Еуразияның бесінші кубогы Сандықтау ауданының құрылған күнін мерекелеуге арналды. Бәйгеге республиканың әр аймағынан шабандоздар қатысты. Федерацияның вице-президенті Мұстафа Мұстафаев қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети