Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Атбасарда арнайы комиссия су басқан үйлерді бағалауға кірісті 11 сәуір 2014, 14:29

Су басқан үйлердің адамдары баспанасыз қалмайды
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

©astana.vc ©astana.vc

Ақмола облысының  Атбасар қаласында су басқан үйлердің жағдайына баға беретін арнайы комиссия құрылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар вице-министрі Валерий Петровқа сілтеме жасап. 

Айта кеткен жөн, бүгінде Атбасар қаласында еріген қардың су басқан үйлердің саны 340-тан асты. Соның салдарынан 250-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оған қоса, су тасқыны қаупі бар жерлерді мыңдаған адам өз еркімен тастап кетті. Қазір қалаға жақын Жабай өзенінің деңгейі шекті көрсеткіштен 1,5 метрге жоғары болып тұр.

Төтенше жағдайлар министрі Валерий Петровтың айтуынша, халыққа тиісті  материалдық көмек көрсетілетін болады. "Әрине, алғашқы көмек қазірдің өзінде көрсетіліп жатыр. Ал баспананы қалпына келтіру және өтемақы төлеу мәселесін комиссия шешетін болады. Оның барлығы неше үй қирады, қаншасын жаңадан салу керек екендігі анықталғаннан кейін белгілі болмақ. Баспанасыз ешкім қалмайды. Бүгінде комиссия өз жұмысына кірісті", - деп атап көрсетті вице-министр.

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram
Доллар бағамы күрт өсті