Атбасарда құтқару жұмыстары жалғасып жатыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©ҚР ТЖМ ©ҚР ТЖМ

Ақмола облысының Атбасар қаласында құтқару жұмыстар жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ақмола облысының Атбасар қаласында құтқару жұмыстар жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

12 сәуір күні қалаға ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев пен Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко бастаған делегация келді. Олар қаланың су басқан аумағын қарап шығып, халықпен кездесті, жедел штабта кеңес өткізді. Онда төтенше жағдайды жою жөніндегі іс-шараларға үкімет резервінен қаражат бөлу туралы мәселе қаралды, мемлекеттік органдардың басшылары мен Ақмола облысының әкіміне нақты тапсырмалар берілді.

10 топ 247 үйге комиссиялық тексеру жүргізді. 12 сәуір күнгі мәлімет бойынша, жедел штабқа су сорғызу, мүлікті алып шығару, азық-түлікті жеткізу, зардап шеккендерге медициналық-психологиялық көмек көрсету жөнінде 25 өтініш келіп түсті. "Қауырт желіге" 26 адам хабарласқан.

Суда құтқару қызметтері, әскери бөлімдердің әскери қызметшілері су басқан аймақтағы 215 үйді аралады, құрылыс және тұрмыстық қоқысты тазалау жұмыстарын жүргізді. 625 шаршы метр алаң жолға құм төселді. №28237 әскери бөлімінің инженерлік техникасы жолдарға құм төсеп жатыр.

Оңтүстік Қазақстаннан келген жедел-құтқару жасағының құтқарушылары екі үйдің төбе арқалығын шпалмен бекіткен, үйдің ішінен мүліктерді шығарып, үй иелеріне тапсырған. Құтқарушылар Ново-Александровка ауылының су басқан аумағынан бір адамды Мойнақ ауылына көшірді. Өрт-сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметтері Заречное кентіне азық-түлік пен 10 бас малды жеткізді. 5 896 текше метр су тартып шығарылды.

"Оқиға орнында медициналық-психологиялық бригада жұмыс жүргізуде, олар 486 ауланы аралады, 95 адам медициналық көмекке жүгінді, 34 адамға екі күндік дәрі-дәрмек қоры берілді. Зардап шеккен 91 адамға, соның ішінде, сегіз балаға шұғыл медициналық көмек көрсетілді, 501 адамға ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді, психологтер 456 адаммен әңгімелесті.
Қазір №3 орта мектептегі эвкуациялау пунктінде 16 ересек адам мен үш бала бар. Авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарға 517 адам, 119 бірлік техника, 12 жүзу құралы, 17 мотопомпа мен бір өрт-сорғы станциясы жұмылдырылды", - делінген министрліктің хабарламасында. 

Еске салайық, өткен аптада күннің күрт жылынуынан Ақмола облысындағы Атбасар қаласын еріген қар суы басқан болатын. Соңғы мәлімет бойынша, 300-ден астам үй су ортасында қалған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.1  course up  590.94  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer