16 маусым 2018 12:26

Атрауда дәрігерлер қателесіп, әйелдің кеудесін кесіп тастаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет © Depositphotos Иллюстрациялық сурет © Depositphotos

Атырау қалалық сотында дәрігерлердің адам денсаулығына келтірген зиянына қатысты сот отырысы өтті, - деп хабарлайды mgorod.kz


Атырау қалалық сотында дәрігерлердің адам денсаулығына келтірген зиянына қатысты сот отырысы өтті, - деп хабарлайды mgorod.kz

Атыраулық әйел № 2 қалалық поликлиника мен облыстық онкодиспансерден материалдық шығын ретінде 3,5 миллион және моральді шығын ретінде 20 миллион теңге өндіру туралы арыз берді. 

Әйелдің сөзінше, 2016 жылы ол жергілікті поликлинкаға барып, оң жақ кеудесі ауыратынын айтқан. Дәрігерлер оған диагноз қоя алмағандықтан, оның жағдайы ауырлай түскен. Салдарынан әйелді онкодиспансерге жатқызылған, Атыраудың сот медицина сараптамасы институның жедел биопсия қорытындысы бойынша, дәрігерлер сүт безінің обыры деген диагноз қойған. Алайда кейін бұл диагноз расталмаған. 

"Поликлиника және онкологиялық диспансер дәрігерлерінің тікелей міндеттерін лайықты орындамауы және Атырау сот медицицна институтының сараптаманы қате жүргізуі меңдеп кеткен іріңді-некротикалық процестің ушығуына және дене мүшесінен айырылуға себеп болды", - дейді Атырауды соты баспасөз қызметінің өкілдері. 

Сот үкімі бойынша, Атыраудың № 2 қалалық поликлиникасы мен Атыраудың облыстық онкологиялық орталығы 3 130 200 теңге материалдық және үш миллион теңге моральдық шығын өтеуге міндеттелді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети