18 қыркүйек 2019 15:27

Атырау облысында жол апатынан екі полицей зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында жол апатынан екі полицей зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Атырау облысында жол апатынан екі полицей зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

18 қыркүйекте шамамен 10:36-да Атырау - Махамбет тасжолында жол-көлік оқиғасы болды. Қаладан 15 шақырым жерде Toyota Hilux автокөлігі жолдың қарсы бетіне өтіп кетіп, Volkswagen Polo маркалы патрульдік көлікке соқтығысты. 

Жол апаты салдарынан Toyota Hilux жүргізушісі дене жарақатын алды, сондай-ақ, екі полиция қызметкері зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізілді. 

Іс материалдары ҚР қылмыстық кодексінің 345-бабы боййынша Біріңғай реестрге тіркелді. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети