09 қазан 2014 20:31

Атырау облысында жол апатынан төрт адам қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Атырау облысының Исатай ауданында Жанбай ауылына жақын маңда төрт адам жол апатынан қайтыс болды, - деп хабарлайды "Ақ Жайық".


Атырау облысының Исатай ауданында Жанбай ауылына жақын маңда төрт адам жол апатынан қайтыс болды, - деп хабарлайды "Ақ Жайық".

Қайғылы оқиға 9 қазан күні таңертең Атырау - Астрахань тас жолында болды. Volkswagen Sharan минивэні мен Toyota Camry жеңіл автокөлігі бетпе-бет соқтығысып қалды. Облыстық ішкі істер департаменті әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы Қайрат Әбдіғалиевтің ақпаратына қарағанда, оқиға орнында минивэннің 52 жастағы жүргізушісі, оның 73 жастағы және 14 жастағы жолаушысы және Toyota автокөлігінде болған 67 жастағы жолаушы қайтыс болды. Жеңіл автокөлік жүргізушісі мен оның екі жолаушысы Аққыстау ауылындағы ауруханаға жеткізілді.

"Хабар" телеарнасының нақтылауынша, зардап шеккендердің бірі ауыр жарақат алған. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайына қатысты болжамды операция жасалғаннан кейін айтуға болады.

Жол-көлік оқиғасының себебі туралы мәлімет жоқ. Төтенше оқиғаны Исатай аудандық ішкі істер бөлімі тексеріп жатыр.

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети