09 ақпан 2015 23:39

Атырау облысында кішкентай балалары бар екі отбасы уланып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото biocentr.org сайтынан Фото biocentr.org сайтынан

Атырау облысында бір күнде екі отбасы уланып қалды, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.


Атырау облысында бір күнде екі отбасы уланып қалды, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Өткен жексенбі күні Исатай ауданының ауруханасына алты адам жеткізілген - үш ересек адам және үш бала. "Олардың бәрі - Жанбай ауылының тұрғыны, бір үйде тұрады. Оларға "табиғи газдан улану" диагнозы қойылды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Бұған қоса, сол күні Атыраудағы облыстық балалар ауруханасына қала іргесіндегі Бірлік-2 ауылынан бес бала жатқызылды. Олардың ең үлкені - 10-да, кішісі - үш жаста. Олар "белгісіз заттан уланған". Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің хабарлауынша, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді, жарты сағаттан соң олар үйлеріне жіберілген. 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети