24 маусым 2015 15:35

Атырау облысында өгей қызын зорлаған әке 2 айға қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Om1.ru © Om1.ru

Атырау облысында өгей қызын зорлаған әке 2 айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Атырау облысында өгей қызын зорлаған әке 2 айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, сотта екі педофилге қатысты сот санкциясы шықты. Оның бірі өгей қызына азғындық әрекет жасаған 42 жастағы азаматқа қатысты. Тергеу органдарының алдын ала мәліметі бойынша, ол қыздың анасының жұмыс бабына байланысты үйінде жиі болмауын пайдаланып, өгей қызын қорқытып, бірнеше мәрте азғындық әрекет жасауға мәжбүрлеген.

"Атырау қаласының №2 соты оны 2 ай мерзімге қамауға алу жөнінде санкция берді. Нәпсіқұмарға қатысты ҚР ҚК 124-бабы 1-бөлігі бойынша ("Жас балаға қатысты азғындық әрекет жасау") қылмыстық іс қозғалды", - делінген соттың хабарламасында.

Ал екінші санкция 11 жастағы қыздың дәрменсіздігін пайдаланып, азғындық әрекет жасаған облыс орталығының тұрғынына байланысты. Ол да 2 ай мерзімге қамауға алынды.

"Іс материалдарына сәйкес, 35 жастағы азамат кәмелетке толмаған қызды күштеп, нәпсіқұмарлық ойын жүзеге асырған. Бұл дерек бойынша тергеу органдарымен ҚР ҚК 124-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, сот педофилге қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети