03 наурыз 2018 16:48

Атырау облысында полицейлерге бағынбаған өзбекстандық автобус жүргізушісі қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Атырау облысында полиция қызметкерлеріне бағынбаған Өзбекстан азаматтары қамауға алынды, - деп хабарлайды ATPress.


Атырау облысында полиция қызметкерлеріне бағынбаған Өзбекстан азаматтары қамауға алынды, - деп хабарлайды ATPress.

Әлеуметітк желілерде қазақстандық полицейлердің Ford Tranzit көлігінен мемлекеттік нөмірді шешіп тастамақ болған кезде екі азаматтың оларға бағынбай жатқан сәті түсірілген видео пайда болды. Ал олардың бірі осыны видеоға түсіріп тұрған. 

Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері осы жағдайға қатысты пікір білдірді. ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл оқиға 1 наурызда Жылыоай ауданы Құлсары-Бейнеу тасжолының 641-шақырымында болған.

Полицейлердің мәліметінше, бастапқыда Ford Tranzit көлігі жылдамдықты асырғаны үшін ұсталған. Көлік тізгінінде Өзбекстанның 1995 жылғы азаматы болған. Алайда салонды тексеру барысында мұнда тек 5 жолаушыны тасымалдауға болатыны, ал қалған бөліктің жүк тасуға арналғаны анықталды. Бірақ көлікті тоқтатқан кезде онда 10-нан аса жолаушы болған.

"Нәтижесінде жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 1-бөлігі ("Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу"), 592-бабының 1-бөлігі ("Белгiленген жүру жылдамдығын арттыру") және 593-бабының 1 және 5-бөліктері ("Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау") бойынша хаттамалар толтырылды. Бірақ жүргізуші уақытының тығыз болуын айтып, полиция қызметкерінің жұмысына кедергі келтіре бастайды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 797-бабының негізінде полиция қызметкері автокөліктің мемлекеттік нөмірін шешіп алуға мәжбүр болды", - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.

Сондай-ақ, Өзбекстан азаматына қатысты ҚР Әкімшілік  құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабы бойынша ("Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау") хаттама толтырылды.

Толтырылған хаттамалар Жылыой аудандық сотына жолданды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети