20 сәуір 2014 11:03

Атырау облысында пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©flickr.com/louisfabries Фото ©flickr.com/louisfabries

Атырау облысында Алматы-Атырау жолаушылар пойызы рельстен шығып кеткеннен кейін пойыздар қозғалысы қайта қалпына келтірілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазақстан темір жолы" (ҚТЖ) жолаушылар тасымалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Атырау облысында Алматы-Атырау жолаушылар пойызы рельстен шығып кеткеннен кейін пойыздар қозғалысы қайта қалпына келтірілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазақстан темір жолы" (ҚТЖ) жолаушылар тасымалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚТЖ хабарлағандай, 20 сәуірде Астана уақытымен 06.00-де Атырау бөлімі жолындағы Сағыз-Мақат бөлігінде пойыз қозғалыстары қалпына келтірілген. Сондай-ақ компанияның баспасөз қызметі Алматы-Атырау пойызының рельстен шығып кетуі 10 жолаушлар пойызының бөгелуіне ұласты.

"Ұлттық теміржол компаниясы аталған бөліктегі қозғалысты қайта қалпына келтіру және бөгелген пойыздарды қозғалыс кестесіне енгізу барысында барлық қажетті шараларды қолданды. Жолаушылар вагондарының жолдан шығып кету зардабын жоюға 218 жұмысшы, екі қалпына келтіру пойызы, 25 автотехника бірлігі, тракторлар және крандар тартылды", - делінген ҚТЖ мәлімдемесінде.

Компания сондай-ақ пойыздың жолдан шығып кету себептерін тергеу үшін "ҚТЖ" ҰК" АҚ комиссия құрып, олардың жұмысқа кірісіп кеткендерін де атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы 19 сәуірде Астана уақытымен 17.48-де №41 Алматы-Атырау бағытындағы жолаушылар пойызы рельстен шығып кеткен. ҚТЖ рельстен 12 вагон шығып кеткендігін хабарлаған болатын. Бұған дейін №41 Алматы-Атырау бағытындағы жолаушылар пойызы вагондарының жолдан шығып кетуі салдарынан бес адамның зардап шеккендігі мәлімденген. Зардап шеккендер санавиация тікұшақтарымен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети