20 маусым 2019 09:27

Атырау облысында тәртіп сақшылары мен тұрғындар жаға жыртысты

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

© фото: tenginews © фото: tenginews

Атырау-Орал тасжолында полицейлер тұрғындардың біріне қатысты арнайы құралды заңсыз пайдаланған көрінеді, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. Бірақ бұл ақпараттың бейресми екені хабарланды.


Атырау-Орал тасжолында полицейлер тұрғындардың біріне қатысты арнайы құралды заңсыз пайдаланған көрінеді, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. Бірақ бұл ақпараттың бейресми екені хабарланды.

Оқиға Индер ауданына қарасты Есбол ауылында түнгі уақытта болған. Әлеуметтік желіде тараған бейнероликке қарағанда, аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы қарамағындағы қызметкерлер ауыл тұрғындарының қарсылығына тап болған. Есболдықтардың ашуға мінуіне - ауыл тұрығындарының біріне полицейлердің көзден жас ағызатын газ бен резеңке сойыл және электршокер пайдалануы себеп болыпты.

Жерлестерін арашалап алмақ болғандар тәртіпті ысырып қойып, полицейлердің іс-әрекетіне кедергі келтірген екен. Қазір бұл дерек бойынша облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік қызметі басқармасы тексеріс жүргізіп жатыр.

"Атырау облысы, Индер ауданы, Есбол ауылы тұрғындарының полиция қызметкерлеріне қатысты арыз-шағымы бойынша, департамент қызметкерлерінен және өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлерінен комиссия құрылып, Индер ауданына толықтай әділ қызметтік тексеріс жүргізу үшін жіберілді. Тексеріс қорытындысы бойынша заңды шешім қабылданады", -  деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің бастығының орынбасары Нұрлыбек Көшенов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети