20 наурыз 2014 13:42

Атырау өңірінде дауыл қиратқан нысандардың қатары көбейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Атырау облысында дауыл қиратқан нысандардың қатары тағы көбейді деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Мамандардың мәліметінше, 19 наурыз күні өңірде екпіні 17-22 м/с болатын дүлей жел тағы соққан. Соның салдарынан Атырау қаласы мен Қызылқоға, Құрманғазы аудандарында 22 нысанның шатыры ұшып кетті. Оның 17-сі - әлеуметтік және тұрғын үй нысаны. Келген шығынның ауданы мен мөлшері анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ. "Үш елді мекенде электр жарығы өшіп қалды. Құрманғазы ауданында алты байланыс тірегі құлап қалды. Төтенше жағдайды залалсыздандыру жөнінде облыстық және аудандық штаб құрылды. Жағдайды қалпына келтіруге Атырау облыстық ТЖД жеке құрамының 42 адамы мен 6 техникасы және жергілікті атқарушы органдардың шұғыл әрекет ету жасақтарының 90 адамы мен 40 техникасы жұмылдырылды", - делінген хабарламада. 19 наурыз күні күшті желдің салдарынан Алматы облысының Кербұлақ ауданында электр желілері үзіліп, төрт ауыл жарықсыз қалды. Әртүрлі елді мекенде алты нысан шатырынан айырылды. Дауылдан зардап шеккен ауылдарда аудандық комиссия жұмыс істеп жатыр. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында да қатты дауылдан әлеуметтік нысандарға зақым келген. Еске сала кетейік, 18 наурыз күні еліміздің батыс өңірлері мен Түркістан қаласында дүлей жел тұрып, барлығы 40 шақты нысанның шатыры ұшып кеткен болатын. Төтенше жағдайдың салдары залалсыздандырылып жатыр. "Қазгидромет" кәсіпорнының мамандары 20 наурыз күні Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында да қатты дауыл болатынын ескертті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети