Атырау тұрғыны әйелін "ВКонтакте" желісіндегі сурет үшін өлтіріп қоя жаздады, - деп жазады "Ақ Жайық".
Атырау тұрғыны әйелін "ВКонтакте" желісіндегі сурет үшін өлтіріп қоя жаздады, - деп жазады "Ақ Жайық".
Басылымның мәліметінше, биыл мамыр айында Атырау тұрғыны әйелінің "ВКонтакте" желісіндегі парақшасында оның басқа бір ер адаммен түскен суретін көріп қалған. Қалалық прокурордың орынбасары Айбек Қанатабековтың айтуынша, ер адам әйелінің оның алдында ақталып жатқанына қарамастан, оны ұрып-соғып, кейіннен пышақпен жарақаттаған.
Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қызғаныштан осындай әрекетке барған ер адам кінәсін мойындады. Сот оны үш жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды.