15 сәуір 2015 18:30

Атырауда 8 жастағы баланың үстіне бетон плита құлап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Azh.kz @Azh.kz

Атырауда 8 жастағы баланың үстіне бетон плита құлап кетті, - деп хабарлайды "Ақ Жайық". Басылымның хабарлауынша, оқиға 9 сәуірде "Нұрсая" ықшамауданындағы №7 үйдің ауласында болған. Дегенмен, бұл жайында енді ғана белгілі болып отыр.

Бүйірімен тұрған бетон плита көрші №4 үйде тұратын 8 жастағы Расул есімді баланың үстіне құлап кетті. Оқиға туралы толық ақпарат айтылмады. Зардап шеккен баланы емдеп жатқан Облыстық балалар ауруханасының хирург-дәрігері Ризабек Қайыровтың айтуынша, баланың бауыры қатты зақымдалып, ішкі құрылыстары жарақаттанған.

Басылымның хабарлауынша, үстіне бетон құлаған бала операциядан шықты. Қазір ол Облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөлімінде жатыр. Оқиға "Атырау қалалық тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету" компаниясының ғимараты маңында болғаны белгілі болды. Компания өкілдері зардап шеккен баланың ата-анасына көмек ұсынды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети