Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Атырауда белгісіздер елтаңбаны қоқысқа тастаған

03 Тамыз 2015, 22:18
0
© КТК телеарнасының кадры
© КТК телеарнасының кадры

Атырауда белгісіздер елтаңбаны қоқысқа тастаған, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы. 

Телеарна редакциясына жолданған сурет "Самал" ықшамауданында түсірілді. Әзірше Елтаңбаны кімнің, не себепті қоқысқа лақтырып тастағаны белгісіз. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша полиция айналысып жатыр. "Мемлекеттік рәмізді аяқасты еткендер миллиондап айыппұл арқалайтынын айта кетейік. Тіпті бас бостандығынан да айырылуы мүмкін", - дейді тілшілер.

Еске салайық, осыған дейін Шымкентте коммуналдық қызметтің жұмысшылары тумен қоқыс шығарғаны үшін жауапқа тартылған болатын. Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сәйкес, оларға судья айыппұл түріндегі жазаны кескен. "Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық сотының 08.07.2015 жылғы үкімімен Талғат Биболат пен Гауһар Калдыбаева Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 372-бабымен кінәлі деп танылып, Биболатқа осы бап бойынша 100 айлық есептік көрсеткіш, яғни 198 200 теңге мөлшерде айыппұл салу жазасы тағайындалған. Калдыбаеваға осы бап бойынша 100 айлық есептік көрсеткіш, яғни 198 200 теңге мөлшерде айыппұл салу жазасы тағайындалды", - делінген соттың хабарламасында.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай