24 қаңтар 2016 15:08

Атырауда бензин таситын көлік жарылды: Бір адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгерлер жолдаған сурет Куәгерлер жолдаған сурет

Атырауда бензин таситын көлік жарыл, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.


Атырауда бензин таситын көлік жарыл, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.

Болған төтенше жағдай туралы оқырмандарымыздан белгілі болды. Куәгерлердің бірі бензин таситын көліктің өртеніп жатқан сәтін видеоға түсіріп алған.

ТЖК ресми өкілінің мәліметінше, 23 қаңтарда түскі 12-де Атырауда көліктің цистернасында балқытып біріктіру жұмыстары кезінде газды ауа қоспасында жарылыс болып, кейін өртке ұласқан. Өрт жарты сағаттың ішінде сөндірілді. 10 шаршы метр аумақты жалын шарпыды.

Оқиға орнында жарылыстан алған жарақатынан 1962 жылғы азамат қаза болды.

Өртті сөндіруге жеке құрамның 7 адамы мен 2 дана техника жұмылды. 

Расталмаған мәлімет бойынша, қаза болған адам балқытып біріктіруші болып жұмыс істеген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети