Атырауда екі бірдей LADA көліктерінің соғысқан сәтінде түсірілген видео пайда болды

18 Шілде 2017, 18:44
0
Атырауда екі бірдей LADA көліктерінің соғысқан сәтінде түсірілген видео пайда болды - видеодан үзінді
видеодан үзінді

Атырау облыстық ІІД өкілдері Атырау қаласындағы көшелердің бірінде болған жол апатына қатысты пәкір білдірді. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ведомствоның баспасөз қызметіндегілер оқиғаның 17 шілдеде Атырау қаласындағы Амандосов көшесінде болғанын айтты. 

 

"LADA 21705 көлігінің жүргізушісі Амандосов көшесімен келе жатып, солға бұрылмақшы болған, осы кезде LADA 21703 маркалы көлігінің 1999 жылғы жүргізушісі озып өтпекші болып соғысқан. Соққы салдарынан LADA 21703 көлігі аударылып қалған және бір жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Сондай-ақ, Chevrolet Aveo автомобилін соққан, өз кезегінде соңғы көлік дәріхана ғимаратына кіріп кеткен", - деді баспасөз қызметіндегілер. 

1959 жылы зардап шеккен ер адам аурухананың травматология бөліміне жеткізілді, оның жамбасы сынғаны анықталды. 

"Қазіргі уақытта біз зардап шеккен ер адамның ауруханадан шыққанын күтіп отырмыз, дәрігерлер қорытынды шығарып беруі тиіс, соған байланысты біз де шешеім шығаратын боламыз. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр", - деді ІІД өкілдері. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай