03 қараша 2014 11:53

Атырауда жол-көлік оқиғасына кінәлі сот қызметкеріне шартты жаза берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқиға орны ©Қанат Елеуов Оқиға орны ©Қанат Елеуов

Атырауда 46 жастағы әйелдің жол-көлік оқиғасынан қайтыс болуына себепкер сот қызметкері бір жылға шартты түрде сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қаланың №2 сотының хатшысы көлік жүргізу құқығынан үш жылға айырылды

23 жастағы айыпталушы қызға "Көлік құралын басқарған адамның жол қозғалысы мен көлік құралын пайдалану ережесін бұзып, абайсыздықта кісі өліміне соқтыруы" бабы бойынша жаза кесілді. "Сот үкімі жәбірленуші тарап өкілдері пікірін ескере отырып шығарылды", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, Атырауда бұл жол-көлік оқиғасы 2014 жылдың 2 шілдесінде болды. Сот қызметкері өзінің Chevrolet көлігімен Kia машинасын соқты. Соққыдан екінші көлік қарама-қарсы бағытқа шығып кетті де, көшеден өтіп бара жатқан әйелді және тағы екі машинаны қақты. Зардап шеккен әйел "Жедел жәрдем" көлігінде қайтыс болды. Атырау қалалық №2 сотының өкілдері бұл дерек бойынша ішкі тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады. Олардың мәліметінше, сот қызметкері бұл мекемеде 2014 жылдың сәуірінен бері жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында ол тәртіптік жауапкершілікке тартылмаған және оның қызметіне қатысты шағымдар болмаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети