28 сәуір 2018 15:24

Атырауда жолаушылары бар автобус жеке үйдің ауласына кіріп кете жаздады

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Атырауда жолаушылары бар №14 бағытында жүретін автобус жеке үйдің ауласына кіріп кете жаздады, - деп хабарлайды "Мой Город".


Атырауда жолаушылары бар №14 бағытында жүретін автобус жеке үйдің ауласына кіріп кете жаздады, - деп хабарлайды "Мой Город".

Басылым мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Привокзальный ықшамауданында Амандосов пен Баймұханов көшелерінің қиылысында болған. 

"Баймұханов көшесіне бүгін таңертең жол жөндеу жұмыстарын жабуына байланысты, автобус жүргізушісі рұқсат етілмеген жерден айналып өту үшін ауыл аралық жолмен жүрген. Тротуарды басып өтіп, асфальтқа шықпақшы болған. Видео авторының айтуынша, жүргізуші олай істей алмай, автобустың бампері жеке үйдің ауласына кіріп кете жаздаған", - деп жазады басылым. 

Осы аймақта жол жөндеу шараларын жүргізу жүргізушілерге ескертілмеген, сол себепті көптеген ыңғайсыздықтар туған. 

Облыстық ІІД өкілдері іс материалдарымен Атырау ІІБ жергілікті полиция қызметі айналысып жатқанын және қажетті шараларды қолданатынын мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети