05 қаңтар 2017 18:25

Атырауда қаскүнем зейнеткердің үйін тонап, кейін өлтіріп кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда қаскүнем зейнеткердің үйін тонап, егде жастағы қарияны өлтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Атырауда қаскүнем зейнеткердің үйін тонап, егде жастағы қарияны өлтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу мәліметінше, Аққыстау ауылының тұрғыны зейнеткердің жалғыз тұратынын, жинақ ақшасы бар екеніндігін біліп, жасырын пәтеріне кіріп, 334 721 теңге ақшасын жымқырған. Болған жәйт бойынша зейнеткер өзінің көршісі мен оның үйіне жиі келетін інісінен күдіктенген. Содан бір күні қария үйдің дәлізінде көршісін кездестіріп, одан ұрланған ақшаны қайтаруды талап еткен.  Сол сәтте қарияның қатты дауысын естіген ер адам үйінен шауып шығып, қолына алған балтамен пәтеріне кіріп бара жатырған зейнеткердің мойын тұсынан соққан. Кейін қарияны үйіне сүйреп кіргізіп, өзі қашып кеткен.

Ал біраз уақыттан кейін ер адам қылмысты жасыру үшін адам өлімі болған жерге кері оралып, өлі мүрдені кілемге орап, үйден алып шығып, көшедегі кәріз жүйесінің құдығына лақтырып жіберген.

Сот үкімімен қаскөй ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен ("Ұрлық"), 99-бабының 2-бөлігінің 10-тармағымен ("Кісі өлімі") кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жаза өтеу орны "ерекше" режимдегі түзеу колониясы белгіленді. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети