16 маусым 2019 14:23

Атырауда қонақүйде өрт шықты: 30-дан аса бала эвакуацияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда қонақүйде өрт шығып, 30-дан аса бала эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Атырауда қонақүйде өрт шығып, 30-дан аса бала эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Атырау қалалық 101 кезекші пультіне 16 маусымда 01:19-да Әуезов көшесінің бойында орналасқан қонақүйде өрт шыққаны туралы хабар түскен. 

"Ғимараттың жертөлесінде орналасқан саунаның бу бөлмесінде өрт шыққан. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер сатымен үш баланы құтқарып, 31 адамды эвакуациялаған, оның ішінде 29-ы балалар", - делінген ТЖ Комитетінің хабарламасында. 

Эвакуацияланған балалар Орал қаласынан жарысқа келгені анықталды. Өрт 02:33-те толығымен сөндірілді. Өрт аумағы - 9 шаршы метр. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. Өрт сөндіруге Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 26 маманы мен бес арнайы техника жұмылдырылған. Сондай-ақ, 20 полицей мен алты арнайы техника көмекке келген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети