12 маусым 2019 17:27

Атырауда көпқабатты үйде өрт шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© atpress.kz © atpress.kz

Атырауда бес адам өрттен құтқарылды, оның екеуі балалар, - деп хабарлайды ATpress.kz.


Атырауда бес адам өрттен құтқарылды, оның екеуі балалар, - деп хабарлайды ATpress.kz.

Өрт Атырау қаласының орталығындағы Исенов көшесінде орналасқан №87 үйдің бесінші қабатындағы балконында болды. 

"Пәтерде үйдің иесі, оның жұбайы және екі баласы болған. Пластикалық терезелер мен есіктер тез тұтанып, нәтижесінде адамдар газдан уланған. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр", - деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Асхат Ержанов.

Облыстық жедел-жәрдем станциясының фельдшері Гүлжанат Әбішеваның айтуынша, бес адамға көмек көрсетілген. 

"Қазіргі уақытта олардың жағдайы қанағаттанарлық, ауруханаға жатқызуды қажет етпейді", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети