10 тамыз 2018 09:03

Атырауда көпірден секірмек болған қыздың видеосы тарап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда полицейлер мен екі куәгер көпірден секіріп кетпек болған қызды құтқарып қалды, - деп хабарлайды "Ақ Жайық".


Атырауда полицейлер мен екі куәгер көпірден секіріп кетпек болған қызды құтқарып қалды, - деп хабарлайды "Ақ Жайық".

Көпірдің қоршауынан шығып алған қыздың әрекеті Атырау ІІБ жедел басқарма орталығының камераларына түсіп қалған. Полицейлер дереу сол орынға барып, екі тәртіп сақшысы қызды қоршаудың арғы жағынан шығара бастады, алайда қыз қарсыласқан. Оларға жергілікті баспаханада жұмыс істейтін Амантай Илиев пен Сағынжан Ғизатулин көмекке жеткен. Сөйтіп, күш біріктіргеннен кейін қыз қауіпсіз жерге шығарылған.

Қазіргі уақытта іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.

"Кешкілік жиында Амантай Илиев пен Сағынжан Ғизатулинге полицейлерге көмектескені үшін Атырау ІІБ басшылығынан алғысхат алды. Екі қызметкеріміз де маратқа ұсынылады", - деп хабарлады Атырау облыстық ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети