Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Атырауда пойыздың жолдан шығып кету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

20 Сәуір 2014, 02:08
0
Фото ©Ярослав Радловский
Фото ©Ярослав Радловский

Атырау облысында №41/42 Алматы-Атырау бағытындағы жолаушылар пойызы вагондарының жолдан шығып кету фактісі бойынша Бас көлік прокуратурасы қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстанның Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нақтыланған деректер бойынша, жеті адам ауруханаға жеткізілген, қайтыс болған ешкім жоқ. Жолаушыларды эвакуациялау жүргізілуде. Оқиға орнында Атырау облыстық ТЖД-нің 31 адамы, жеті техника бірлігі және екі тікұшақ жұмыс істеуде.

"Жағдай бақылауға алынған. "ҚТЖ" ҰК" АҚ жолаушыларды стансаға дейін жеткізу үшін 14 вагон жіберді", - деп көрсетілген хабарламада.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің мәліметінде 19 вагонның 12-ісі рельстен шығып кеткендігі нақтыланған. Оның себебін оқиға орнына аттанған ҚР ККМ өкілдерінен құрылған комиссия анықтауда.

Бұған дейін хабарланғандай, пойыз жолаушылары шағын автобустармен жақын маңдағы елді мекенге – Мақат стансасына тасымалдануда. 22:00-ге дейін Мақатқа 250 жолаушы жеткізілді, делінген ҚТЖ баянында. Қалғандары 24:00-ге дейін жеткізіледі. Атырау облысы әкімдігінің және ТЖМ-нің жәрдемдесуімен зардап шеккендердің бәріне қажетті көмек көрсетілді. Төтенше жағдайдың себептерін тергеу үшін ҚТЖ комиссиясы құрылды.

Темір жолдағы қозғалысты 6:00-де ашу жоспарланып отыр. "Жолаушылар пойыздарының кешігуіне байланысты барлық сұрақтар бойынша Астанадағы мына телефонға тәулік бойы хабарласуға болады: 8 7172 600 132", - дейді ТЖМ.

Төтенше оқиға 19 сәуірде жергілікті уақыт бойынша 17:50-де Мұқыр-Жантерек темір жол аралығындағы Сағыз-Мақат аумағында болған. Апат кезінде тасымалдау құрамындағы жұмыскерлерді қосқанда, пойызда 495 адам болған.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай