12 желтоқсан 2019 09:14

Атыраудағы төтенше жағдай: Оқиғаның мән-жайы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Телеарна сюжетінен Телеарна сюжетінен

Атырау қаласы маңындағы Жұлдыз ықшамауданындағы үйлердің бірінен үш адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.


Атырау қаласы маңындағы Жұлдыз ықшамауданындағы үйлердің бірінен үш адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Арнаның мәліметі бойынша, қан іздері немесе зорлық-зомбылық байқалмайды. Мамандар алғашында газдан улануы мүмкін дегенімен, әзірге оны да нақтыламай отыр. Белгілісі - бәрі бір үйдің адамдары, түгел ересектер. Үйге сыртынан қарағанда адам тұрғанға ұқсату қиын, ауласы шашылған, қабырғаға да сылақ тимегені көрініп тұр. Тіршілік белгісін ілулі тұрған киімдерден ғана білуге болады.

"Үй иелерінің қайтыс болғанына бірнеше күн болғанға ұқсайды. Өйткені үйден қолқаны қабатын жағымсыз иіс шықты", - дейді көршілері. Куәгерлердің айтуынша, әйелі араққа жақын болған. Ішімдіктің кесірінен балаларынан да айырылыпты.

"Балалары болды, бәрін балалар үйіне беріп жіберді. Үкімет тартып алды. Кеше үйінде ішкен-ау деймін. Неге десең полиция үстелдің үстінде арақ тұрғанын айтты. Күйеуі жұмыста жүр, сол асырап отыр. Әйелі арақ ішеді. Мүгедек шал бар, соны бағады", - дейді көршісі Серікбай Жақсығалиев.

Марқұмдар тұрған үй кілттеулі. Сырттағы газ құбыры бітеліп, пломба салынған. Таңмен аймақты газбен қамтитын "КазТрансГазаймақ" мекемесінің авариялық қызметі үйдің маңын қарап жүр.

Қазір "Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету" тармағы бойынша тергеу басталды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети